Жаңа Конституция еліміздің ғылыми және технологиялық дамуына негіз қалайды. Бүгін үкіметте ғылым саласы талқыланған жиында үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай деді. Қазір ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін ел экономикасына пайдалану ісіне екпін түсіру маңызды. Жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өзгерістер көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғылым және инновация саласындағы басымдықтар белгіленгені атап өтілді. Талқылау барысында ғылыми ортаның өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау танытты. Ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде шоғырлантыру жөніндегі бастамалар ерекше атап өтілді. Олжас Бектенов адам игілігі мен ғылымды дамыту конституциялық деңгейде бекітілетінін айтып, конституциялық реформа мықты институттар мен адами капиталды дамытатын қазықты тетік екенін баяндады. Ең бастысы жаңа Конституция қоғамды Әділетті Қазақстанның құндылықтары айналасында топтастырады.