Әдия, Айша, Әсел. Қостанайда шаңыраққа шаттық сыйлап, бірнеше күн бұрын дүниеге келген үшем анасымен бірге аман-есен үйіне шығарылды. Қазір сәбилер мен көпбалалы ананың жағдайлары жақсы. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген облыс әкімінің орынбасары мен туыстары перзентханаға барып, ақжарма тілектерін білдірді.