Қостанайда мүгедек жандарға, ата-аналар мен қамқоршыларға арналған құқықтық кездесу өтті. Жиын барысында Жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер түсіндіріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен кәсіпкерлерге берілетін салықтық жеңілдіктер туралы айтылды. Мамандар салық жүктемесіне тоқталып, мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау тетіктерін түсіндірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алды.