Құрметті көрермен, дәл қазір өзіңіз қарап отырған «QOSTANAI» телеарнасының эфирге хабар тарата бастағанына 35 жыл толды. Тұңғыш бағдарлама экранға 1991 жылдың 1 ақпанында шыққан болатын. Содан бері аймақтың жаршысына айналып, өлке тарихын таспалап келеді. Тәуелсіздікпен тел өскен телеарнаның өткені мен бүгіні жайлы келесі бейнематериалда.