Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа салық кодексі күшіне енген болатын. Ол бойынша салық режимдерінің саны жетіден үшке қысқарды. Бұл кәсіпкерлерге оңайлатылған жүйені таңдауға бағытталған. Толығырақ Қостанай қаласының мемлекеттік кірістер басқармасында өткен брифингте түсіндірілді.