Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті.
Бюро мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияны қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды Сенаттың алдағы отырысында қарау туралы қаулы қабылдады. Аталған заңның нормалары мәдениет саласын жаңғыртуды, сондай-ақ, тәуелсіз және экономиканың маңызды секторы ретінде креативті индустрия қалыптастыруды көздейді. Бұдан басқа, сенаторлар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Палатаның тұрақты Комитеттеріне бөліп берді.