2025 жылғы облыс орталығының макроэкономикалық көрсеткіштері көңіл қуантарлық. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 18, құрылыс жұмыстары 16,8, бөлшек сауда 16,9, көтерме сауда – 18,3 пайызға артқан. Ал, қалаға тартылған инвестиция 46,7 пайызға ұлғайды. Әлі де ұсыныс білдірушілердің қарасы қалың, деді шаһар басшысы. Алайда, оларға жағдай жасау да уақытты талап етеді.