Биыл ұлт ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы. Қазақ қоғамын білімге құштар еткен тұлға дәл осы Тобыл-Торғай даласында дүниеге келген. Сол үшін де жерлестер үшін бұл жылдың маңызы зор. Ұстаз мұрасын насихаттау мақсатында Қостанайда оқушылар арасында зияткерлік сайыс өтті.