Ата Заң мәтінінің 84 пайызы жаңармақ. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда конституциялық реформа жайында жариялаған еді. Енді адам құқығы мен бостандығы мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде алғаш рет ресми айқындалып, құжат жобасының Преамбуласына енеді. Президент бастамашы болған «Заң және тәртіп» идеологиясы да нақты нормалармен бекітіледі. Ата заңдағы негізгі толықтырулар мен өзгерістер аймақ басшысының төралығымен өткен жиында талқыланды.