Конституциялық реформа – жаңа тарихи кезең. Қостанайда өткен жиында сарапшылар, депутаттар мен қоғамдың келісім өкілдері осындай пікір білдірді. Жаңа конституция жобасында басты құндылық адам құқығы мен бостандығы екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, жаңа преамбулада егемендік пен тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатынан табылды.