Волонтерлердің цифрлық паспорты жасалуы мүмкін. Бүгін Халықаралық еріктілер жылының салтанатты ашылуы қарсаңында Президент бұл бастаманы қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы ең әуелі қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын жанашыр жандар волонтерлер қауымына алғысын білдірді. Әрі еріктілер ескеруі тиіс басты міндеттерге тоқталды. Оның алғашқысы – волонтерлік қызметте жаңа технологияны көбірек пайдалану, халықаралық ықпалдастықты, азаматтардың экологиялық міндетін арттыру және корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту.