Қостанайда «Жас қолдаушы» жастар форумы өтті. Өскелең ұрпақтың арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шарада заң және тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік тақырыптары кеңінен қозғалды. Облыстық прокуратура өкілдері бастап, аймақ басшысы қостаған жиында жастар, сондай-ақ, танымал актерлермен де кездесу мүмкіндігіне де ие болды.