Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында әрдайым жастарға берілетін білім жайын талқылайды. Мұндағы басты мақсат-өскелең ұрпақтың озық ойлы, ұлтжанды болып өсуі. Осы негізде «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама іске қосылды. Онда балаларды қолдау, білім, қауіпсіздік және даму бағыттары бір арнаға тоғысқан.