Қостанай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған волонтерліктің жаңа үлгісі іске қосылды. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өңірде тәлімгерлік еріктілік бағдарламасы басталып, білім беру саласының көшбасшыларын, педагогтерді және белсенді оқырмандарды бір ортаға тоғыстырды.