1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды. Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты бала туу мен күтіміне берілетін төлемдер өседі. Биыл 1,5 жасқа дейін берілетін жәрдемақыны 10 410 адам алған. Оған 2,1 млрд. теңге бөлінген.