Елордада жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Оған Тобыл өңірі атынан да делегация қатысты. ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин іс-шарада сөйлеген сөзінде жұмысшы мамандықтардың мәртебесін асырып, жұмысты тек өз кәсібіне берілген, қабілетті адамдар атқарған кезде ғана нақты прогресс болатынын атап өтті. Осындай адал мамандардың жарқын мысалы – электромонтер Ришат Фасхутдинов.