Өткен тарихымызды түгендеп, ұлы тұлғаларымыздың есімдерін қайта жаңғырту ұрпақ парызы. Тобыл-Торғай атырабында туып өскен таланттың бірі - ақын, композитор, қоғам қайраткері Ехсан Есетовтің есімі соңғы кезде елеусіз қалып барады. Сондықтан, оны кейінгі толқынға жеткізіп, жалпақ елге паш ету мақсатында Қостанайда тағылымды кеш ұйымдастырылды.