Жастардың өмірін жақсартатын негізгі әлеуметтік мәселенің бірі - баспанамен қамтылуы. Бұл жағдай Мемлекет басшысының назарынан еш қалған емес. Әсіресе, жаңадан шаңырақ көтерген жастардың тұрмысы түзу болуы үшін өз баспанасы болуы маңызды. Осы ретте, өңірде 2022 жылдан бері «Қостанай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.