Алтынсарин ауданына қарасты Обаған ауылы. Бұл – тыныс-тіршілігі еңбекпен біте қайнасқан, қарапайым ғана елді мекен. Мұнда әр үйге, тіпті, аудандағы әрбір баспанаға берілген жарық, көшесіндегі шамдар – энергетика саласында еңбек етіп жүрген жандардың тынымсыз жұмысының жемісі. Әріптесіміз әзірлеген бейнематериалдан электриктер әулетін жақын таныңыз. Жұмысшы мамандықтың жарқын бейнесі деп осы отбасын айтуға болады.