Президент өз Жолдауында ауыл өмірін жақсарту, оның даму тетіктерін жетілдіру жайында үнемі тоқталып келеді. Өткен жылы Үкіметтің қаулысымен ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Нәжижесінде түрлі жобалар жүзеге асып, шалғай жатқан ауылдардың инфрақұрылымы жақсарып, тұрғындардың тұрмыс сапасы арта түсті.