Жаңа жыл мерекесі күндері Төтенше жағдайлар қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады. Өкінішке қарай, дәл осы кезеңде өрт оқиғалары санының артуы байқалады. Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар көптеген нысандарда өткізілетіндіктен сақтық шаралары маңызды. Мұндай күндері халық нені ескеруі керек? Бұл жайлы төтенше жағдайлар департаментінің өкілі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.