Қостанайлық колледждер жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады. Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары республикалық жоспар шеңберінде 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырған. Олар 6 бағытта қолға алынды. Айта кетейік, бүгінде облыс колледждерінде 21 мыңға жуық студент оқиды. Ал оқу жылының қорытындысы бойынша, түлектердің 88%-ы жұмыспен қамтылған.