Олар - оқуда озат, спортта чемпион, өнерде дара және қоғамдық жұмыстарда белсенді. Жыл бойы қажырлы еңбектенген қостанайлық жас дарындар Президент шыршасының мейманы болды. Түрлі қызықты ойындар ойнап, шырша шаттығына кенелді. Жеткіншектердің әрқайсысына Ақордадан жеткен сыйлықтар таратылып, көңілді бағдарламалар ұйымдастырылды.