Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі Президент резиденцияларын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырған болатын. Осыған орай Қостанай облысы әкімдігінің резиденциясы психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған оңалту орталығына бейімделді. Заманауи қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, қызметкерлер арнайы бағдарламалар бойынша оқудан өтті.