Қостанайда құрылыс жұмыстарының негізі үлесі тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарына тиесілі. Сондай-ақ қазір тұрғындар мекен етіп жатқан үйлердің техникалық жағдайын жақсарту мәселесі де тиісті деңгейде қолға алынған. Бұл, «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасын» іске асыру аясында атқарылуда.