Қостанай қаласында педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Аталған оқу бағдарламасы жасөспірімдер арасындағы суицид пен буллинг сынды психологиялық қауіптердің алдын алуға бағытталған. Курсқа облыстың әр өңірінен келген мектеп және колледж ұстаздары қатысуда.