Қостанай облысында экономиканың өсу қарқыны жеделдеген. Жыл басынан бері сауда, құрылыс, көлік, тау-кен өндіру өнеркәсіптері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салалары оң өсімді көрсетіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Құмар Ақсақалов биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.