Жыл сайын 22 желтоқсанда елімізде Энергетиктер күні аталып өтеді. Бұл күн энергетикалық жүйелерді құруға, тұрақты әрі сенімді қызмет етуін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүрген барлық маманға құрмет көрсетілетін айтулы күн. Мереке қарсаңында қостанайлық ірі кәсіпорындардың бірі - Қостанай жылу - энергетикалық компаниясында сала үздіктері марапатталды. Оларға облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.