Қостанайда ерекше балаларға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары, танымал тұлғалар және ата-аналар қатысты. Балаларға тәттілер таратылып, қызықты ойындар ойналды. Жаңа жылдық шырша қасында шат-шадыман ән салған балалардың қуанышына тілші куә болды.