Қостанайда «Дін және қоғам» атты журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Қаламгерлердің кәсіби шеберлігі сынға түскен бұл сайысты Тобыл өңіріндегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық «Қостанай таңы» газеті ұйымдастырған.