Ұзынкөлдің дамуында ілгерілеу бар. Аудан биылғы жылды әлеуметтік-экономикалық өсімнің тұрақты көрсеткіштерімен қорытындылады. Бюджет 6,6 млрд теңгеге жетіп, салық түсімдері 2,1 млрд теңгеден асты. Экономикаға тартылған инвестиция көлемі ұлғайып, 5 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде келер жылы 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.