Қостанайлықтар ай сайын 200 млн теңгесін алаяқтарға аударады. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының бастығы мәлімдеді. Осы жылдың маусым, шілде және қараша айында қылмыскерлер қолды қылған ең жоғары сома тіркелген. Сондай-ақ, жол көлік апатының да саны өскен. 689 жағдай. Осы екі мәселе қалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды.