Қостанайда жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша шараға қала әкімі қатысып, тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Марат Жүндібаев өтіп бара жатқан жыл облыс орталығы үшін табысты болғанын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар жобалардың іске асқанын атап өтті.