Жаңа жыл мерекесінде облыста қоғамдық қауіпсіздікті мыңдаған тәртіп сақшылары қамтамасыз етеді. Ал, бұл күндері құқықбұзушылықтың алдын алу, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында рейд шаралары өтіп жатыр. Оны Қостанай қалалық прокуратурасы мен полиция қызметі бірлесіп жүзеге асыруда.