Қостанайға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев келді. Сапар аясында ол облыстағы жоғары оқу орнының студенттерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді жастарға кеңінен түсіндіру.