Қазіргі Қазақстанның саяси өмірінде әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, кадрлық резерв қалыптастыру мәселелері күн тәртібінде тұр. Осындай мақсатпен «AMANAT» партиясының құрылымында арнайы бағыттар қалыптасуда. Солардың бірі — Қостанай қаласында іске қосылған «Таңшолпан» жобасы. Ол - партияның Әйелдер қанаты бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағыт.