Өңірге Ресей Федерациясының Қорған облысынан арнайы делегация келді. Оның құрамында мал және өсімдік шаруашылығы бағытындағы профессорлар мен жетекші мамандар бар. Олар облыс орталығындағы ірі өнеркәсіп орындарына барып, заманауи технологиялардың жұмысымен танысты. Іссапар шекаралас өңірлердің экономикалық және мәдени байланыстарын нығайту және қос елдің ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.