Республика күні мерекесіне орай Алтынсарин ауданында ұлттық спорт түрі мен зияткерлік ойынды насихаттаған ауқымы кең жарыс өтті. Атап айтқанда, аудан орталығында жекпе-жектен және шахматтан турнир ұйымдастырылып, жүздеген жасөспірім өз шеберлігін сынады. Рух пен ой өрісін дамытуды діттеген додалар жайлы толығырақ тілші репортажында баяндалады.