Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысын тексеру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына келді. Жұмыс сапары барысында ол аграрлық сектордың бірқатар ірі кәсіпорындарын аралап, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу саласында сәтті іске асырылып келе жатқан инвестициялық жобалармен және заманауи технологияларды енгізу процесстерімен танысты.