Елімізде әрбір жұмыскерге медициналық скринингтен өту үшін үш күндік заңды демалыс беріледі. Аталған әлеуметтік демалыс туралы Еңбек кодексінің 87-бабында жазылған. Бұл жаңашылдықтың енгеніне біраз уақыт өтсе де, аталған құқықты қолданатындар қатары көбеймей отыр. Тіпті біразы бейхабар болуы да мүмкін.