Қостанай қаласында тұрғын үй қорының тозуы мен қала келбетінің біртұтастығын сақтау мақсатында соңғы жылдары көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырлары жүйелі түрде жаңартылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне, сонымен қатар шаһардың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған.