Жыл сайын 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасында Әділет органдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл күн ел өміріндегі ерекше мерекелердің бірі. Себебі әділет жолында қызмет ету қоғамға адалдық пен әділдіктің шамшырағын жағу, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау секілді қастерлі міндетті арқалау деген сөз. Әділет саласының өкілдері – мемлекеттің құқықтық тірегі, халық сенімінің күзетшісі.