Биыл Қамысты ауданының бюджеті 5 млрд. 131 млн теңге болды. Десе де өткен жылмен салыстырғанда 13,4 пайызға төмен. Аудан экономикасының жетекші саласы – ауыл шаруашылығында өсім бар. 2024 жылы 300 мың гектарға тұқым себілсе, осы жылы 13 мыңға артқан. Бұл туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.