ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен өңір басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды. Олар шаһарда жүзеге асып жатқан жобалардың орындалу барысын тексерді. Президент тапсырмасына сәйкес жергілікті әуежай құрылысы басталып кеткен. Тізгін ұстаған тұлғалар өзге де нысандарды аралады. Толығырақ тілші бейнематериалында баяндалады.