«Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы өндіріс пен жауапкершілікті қатар алып келе жатқан іргелі кәсіпорын. Биыл еліміздегі ең ірі тау-кен компаниясы 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Жарты ғасырдан астам тарихы бар өндіріс ошағы Жітіқара өңіріндегі хризотил кен орнын игеріп, хризотил-асбест пен одан алынатын талшықты, сондай-ақ түрлі құрылыс материалдарын өндіруге маманданған бірегей кәсіпорын.