Қостанайда алдағы жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын. Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы отбасыларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дәл осы кезеңде өрт пен көмірқышқыл газынан улану қаупі артатынын ескертеді.