«Таза Қазақстан» акциясы - еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ауқымды бағдарлама. Мұнда аумақты көгалдандыру, таза ұстау, қалдықтарды бөлек жинау секілді шаралар қамтылған. Осыған орай Қостанай ауданында Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен экофестиваль өтті.