Ел Президентінің биылғы Жолдауы оң өзгерістерімен, оңтайлы жаңалықтарымен ерекшеленді. Стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы ауылшаруашылығын дамыту мен білім саласын цифрландыруға басымдық берді. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындарға шетелден инвестиция тарту арқылы елдегі өндіріс саласын одан әрі дамыту мәселесіне тоқталды. Бұл, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етеді. Қостанайлықтар осындай пікір білдіріп жатыр.