Тобыл-Торғай өлкесінде рух пен дәстүр тоғысқан ерекше шара – «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетуге жақын. Осыдан бес күн бұрын Торғайдан шыққан жорықшылар 500 шақырым жол жүріп, өз сапарларын Арқалық қаласында аяқтайды. Сайысқа барлығы 18 команда қатысуда. Оның 15-і отандық спортшылдар болса, 1-уі көршілес Ресей елінен, 2-і қырғыз ағайындар.