Енді тұрғындар газ бағасын өз құнынан 40% арзан төлейді. Халықтың қаржысын үнемдейтін бұл жеңілдік «Әлеуметтік әмиян» цифрлық жобасы арқылы іске асты. Әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушы азаматтар үйінен шықпай-ақ газ көрсеткішін жіберіп, тиімді төлем жасай алады.